АҚШ-та әуе компаниясының қызметкері жолаушылар ұшағын ұрлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вашингтон штатында әуе компаниясының жұмысшысы Сиэтл әуежайынан Horizon Air-ға тиесілі Q400 ұшағын ұрлап кетті. Лайнер Пьюджет шығанағына барып құлады, деп хабарлайды ТАСС әуежайдың Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Ұрланған ұшақтың бортында жолаушылар болмаған.

Осыған байланысты, әуежай жұмысын уақытша тоқтатуға тура келді. Қазір оқиға орнына АҚШ Жағалау күзетінің өкілдері келіп, егжей-тегжейлі тексеріс жүргізіп жатыр.

NBC телекомпаниясының мәліметіне қарағанда, оқиғаның террористік актіге қатысы жоқ. Тәртіп сақшыларының айтуынша, опат болған «ұшқыштың» жеке тұлғасы анықталған, бірақ есімі жария етілмей отыр. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оның мұндай әрекетке баруының негізінде жеке себептер жатыр.

Айта кетейік, Horizon Air әуе компаниясы Alaska Air Group холдингінің құрамына кіреді.

 

 

Соңғы жаңалықтар