АҚШ-та атыс салдарынан бес адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Рок-Хилл қаласында болған атыс салдарынан кем дегенде бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Fox 13 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сәрсенбінің кешінде тұрғын үйде бірнеше адамның мерт болғаны туралы хабар алған соң, бірден оқиға орнына шықты. Оқ жарақатын алып қаза тапқан бес адамның денесі табылды, соның ішінде егде жастағы ер адам мен әйел, олардың немерелері және үйлерінде қызмет еткен ер адам болған.
Оқиға бойынша тергеу амалдары жалғастып жатыр.
Йорк округі полициясының Twitter-дегі парақшасында қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамның оқиға орнына жақын маңдағы үйлердің бірінен табылғаны хабарланды. Оның ары қарай тағдыры не болатыны жайында ақпарат берілген жоқ.
- Бірнеше рет атылған оқ даусы жұрттың зәресін ұшырды –Павлодар
- Сомалидегі жарылыс: 17 адам қаза тапты
- Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды: полиция іс қозғады
- Елек өзеніне батып кеткен адам құтқарылды
-
Павлодар облысындағы Қарасу өзенінде балық қырылды
-
Алматыда өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға айыппұл салынды – ТЖД
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам