АҚШ-та атыс болып, бірнеше адам қаза тапты

None
АСТАНА. ТАСС-ҚазАқпарат - Вирджиния штатының Чесапик қаласындағы Walmart дүкенінде белгісіз біреу оқ жаудырды. Бұл туралы сейсенбі күні полициядан мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі ABC телекомпаниясына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қаскүнем көз жұмған болуы мүмкін. Құқық қорғау органдары бірнеше адамның қаза тапқанын және көптеген тұрғынның жараланғанын айтты. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны туралы ақпарат жоқ.

Қаза тапқандар саны 10 адамнан көп емес екені хабарланды.

Фото: REUTERS/ Kevin Lamarque, архив


Соңғы жаңалықтар