АҚШ-та әскери кемеде болған жарылыстан 21 адам зардап шекті

None
None
ЛОНДОН. ВВС – ҚазАқпарат – Калифорнияның Сан-Диего қаласында АҚШ әскери-теңіз күштері базасында орналасқан америкалық «Боном Ричард» (USS Bonhomme Richard) десантшылар кемесінде болған жарылыс пен өрт салдарынан 17 теңізші мен төрт азаматтық қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-си агенттігіне сілтеме жасап.

Кемедегі өрт жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:00 шамасында басталған. Бұл уақытта десантшылар кемесіне техникалық қызмет көрсетіліп жатқан. Кемеден қара түтін шыққан. Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, сондай-ақ кемеде жарылыс болған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен әскерилер жұмыс істеп жатыр, алайда отты сөндіру мүмкін болмады.

«17 теңізші мен төрт азаматтық тұлғаға жергілікті ауруханада көмек көрсетіледі. Олардың жарақаттары қауіпті емес», - деп хабарлады америкалық әскери теңіз флоты «Twitter» парақшасында.



Соңғы жаңалықтар