АҚШ-та аралық сайлаудың алғашқы қорытындысы шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың бірнеше штатында аралық сайлауда дауыс беру аяқталды, оның барысында америкалықтар Өкілдер палатасын, Сенаттың үштен бірін, көптеген штаттардың заң шығарушы органдары мен губернаторларын толығымен қайта сайлайды. Алғашқы нәтиже шықты, бірақ бұл сайлауда шешуші рөлге ие болуы мүмкін негізгі штаттардың тағдыры әлі анық емес. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

CBS телекомпаниясының болжамынша, сайлау нәтижесінде Өкілдер палатасында бақылау республикашылдарға өтуі мүмкін. Қазіргі уақытта Конгресстің екі палатасын да президент Джо Байденнің демократтары басымдыққа ие.

Қазір парламентте демократтар 220, ал республикашылдар 212 орынды алып отыр.

Көпшілікке қол жеткізу үшін партия 218 орынға ие болуы тиіс. Яғни, республикашылдар жеңісті өз қолына алу үшін бұл сайлауда небәрі алты орынға артық алуы керек.

Сенатқа келетін болсақ, алдын ала жүргізілген сауалнамалар демократтар мен республикашылар шамамен тең келе жатқанын көрсетеді.

Сайлау түніндегі бірінші маңызды нәтиже – Флорида губернаторы Рон Десантистің жаңа мерзімге сайлануы (ол штатты 2019 жылдан бері басқарады).

CBS Десантис жеңіске жетеді, республикашыл сенатор Марко Рубио да өз мандатын сақтап қалады деп болжап отыр.

Агенттіктің Аризонадағы тілшісі Софи Лонгтың айтуынша, бұл АҚШ-тың саяси картасындағы ең маңызды штаттардың бірі және онда бүкіл елде болып жатқан процестерді шағын үлгіде көруге болады.

Мұндағы инфляция орташа американдық деңгейден жоғары, басқа штаттарға қарағанда әлдеқайда өткір, көші-қон және қауіпсіздік проблемасы бар (Аризона Мексикамен шекаралас).

Сонымен қатар, бұл жерде жаһандық жылыну салдары қатты сезілуде, ол құрғақшылық пен өрттен зардап шегіп отыр.

Аризона дәстүрлі түрде республикалық штат болды, бірақ 2020 жылы Джо Байден мұнда тым шамалы (жарты пайыздық пункттен аз) басымдықпен жеңді.

Бұрынғы президент Трамп жергілікті сайлау шенеуніктерін дауыс беруден бас тартуға көндіруге тырысты.

Пенсильвания – демократтар үшін де, республикашылдарға да дауыс бере алатын тағы бір «құбылмалы штат».

Бұл жерде Барак Обама екі рет жеңіске жеткен, бірақ 2016 жылы сайлаушылар Хиллари Клинтонды емес, Трампты қолдады.

2020 жылы олар Джо Байденге дауыс беру арқылы демократтарды тағы да қолдады.

Пенсильвания губернаторы қызметі үшін тартыс жолына отставкадағы полковник, христиандық фундаментализм қолдаушысы сенатор Даг Мастриано түсті.

Ол егер губернатор болып сайланса, өз штатында президент сайлауын куәландыру процесін қадағалайтынын айтты.

Конгрестің жоғарғы палатасына танымал тележүргізуші, бұрынғы дәрігер Мехмет Оз және демократ Джон Феттерман үміткер.

Пенсильваниядағы сайлау нәтижелері бірнеше күннен соң белгілі болуы мүмкін. Бұл дауыс санаудың жергілікті жүйесіне байланысты.

Дауыс санаудың алғашқы қорытындыларына қарағанда, әзірге Оз бен Феттерман шамамен бірдей дауыс жинап жатыр.

Бұл сайлаудың нәтижесі Джо Байденнің алдағы екі жылдағы президенттігіне және оның саясатына, соның ішінде Ресейдің Украинадағы агрессиясына қарсы тұруға қатты әсер ететіні сөзсіз.

Өкілдер палатасының барлық 435 мүшесі екі жыл сайын қайта сайланады. Соңғы екі жылда демократтар палатада басымдыққа ие болды.

Бұл әдеттегі жағдай: жаңа президент сайланған кезде оның партиясы Конгресстің екі палатасын да бақылауға алады.

Фото: gettyimages.com
Соңғы жаңалықтар