АҚШ-та аптап ыстықта көлікте қалып кеткен бала көз жұмды
2022 жылғы 22 маусым 17:30

АҚШ-та аптап ыстықта көлікте қалып кеткен бала көз жұмды

ХЬЮСТОН. ҚазАқпарат – Техас штатының Хьюстон қаласында рекордтық деңгейдегі жоғары температудан қызып кеткен көлікте қалған 5 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, бала үйінің жанындағы тұрақта тұрған көліктің ішінде қалып қойған.

Дүйсенбі күні Хьюстонда ауа температурасы Цельсий шкаласы блойынша 39 градусқа жеткен. Бұл – 2011 жылдан бергі ең жоғары температура көрсеткіші.

Ата-анасы баланың әпкесінің туған күнін атап өтуге дайындалып жатқан. Жеткіншектің үйде жоқ екенін біраз уақыт өткеннен кейін ғана байқаған.

Полицияның мәліметінше, бала қауіпсіздік белбеуін қалай ағытатынын және өз отбасының көлігінен өздігінен қалай шығу керектігін білген. Бірақ сол күні ол жалға алынған көлікте болған, ондағы есікте балаларға арналған қауіпсіздік бекітпесі болмаған. KidsAndCars.org. Ұлттық коммерциялық емес ұйымның деректері бойынша, ол – биыл АҚШ-тағы қызып тұрған көлікте қайтыс болған бесінші бала.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT