АҚШ-та алтын қымбаттап жатыр
2022 жылғы 19 сәуір 07:46

АҚШ-та алтын қымбаттап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкада алтын құны алты апталық максимумға жетіп, бір унциясы 2000 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі Comex-те айдың басында маусымдағы алтын фьючерстері 11,50 долларға немесе 1,2%-ға өсіп, сессиялық максимум 2000,55 долларға дейін жетті. Маусымдағы алтын өткен аптада 1,7%-ға өсіп, алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 1,2%-ға артты.

Өткен дүйсенбіде алтын бағасы АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 2,884%-ға жетуіне байланысты қымбаттады. Соңғы рет алтын 11 наурызда, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін 2 апта өткен соң 2000 доллардан асқан болатын.

Қымбат металдар жөніндегі сарапшы Филип Стейблдің айтуынша, бүгінгі алтынның құбылмалылығы белгілі бір дәрежеде экономикалық және саяси алаңдаушылық тудырады, өйткені Украинаға байланысты геосаяси салдарлар ушығып кетуі мүмкін. Инвесторлар мұның түбінде рецессия болады деп қауіптенеді.

Соңғы рет АҚШ экономикасы COVID-19 індеті кезінде, 2020 жылдың наурыз-қыркүйек аралығында құлдыраған болатын. Осылайша, алтын ең сенімді актив болып отыр.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT