АҚШ-та алматылық медициналық сақтандыру құжаты болмағандықтан ауырып қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1990 жылғы Алматы тумасы Еркін Балғымбаев АҚШ-та қарашаның 14-інен 15-іне қараған түні қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайын ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы хабарлады.

«Туыстарының айтуынша қайтыс болған жігіт, таяуда басының қатты ауырғанына шағымданған. Ол ауруханаға бара алмаған. Өйткені оның медициналық сақтандыруы болмаған. Ол қарашаның 14-інен 15-іне қараған түні есінен танып қалған, жедел жәрдем шақырғанымен жігітті құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.

Жігіттің неден қайтыс болғаны әзірге ҚР СІМ-ге белгісіз. «АҚШ-та осындай тәртіп бар. Туыстарының рұқсатынсыз дәрігерлер мәлімет бермейді», - деп түсіндірді Әнуар Жайнақов. 

Азаматтың артында жұбайы және 2-5 жастағы екі баласы қалды. Олар АҚШ-та дүниеге келген, сол елдің азаматтары. Еркін Балғымбаев Хьюстонда өз қаражатына білім алып келген.

АҚШ-тағы ҚР елшілігі осы мәселені жіті назарында ұстап отыр, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі. Қазіргі уақытта елшілік оның отбасының мүшелеріне виза әзірлеуде және жігіттің денесін Қазақстанға жеткізуге қолдау көрсетуде.

ФОТО: Еркін Балғымбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

 

Соңғы жаңалықтар