АҚШ-та алаяқтық күдігіне іліккен екі азаматтың Қазақстанға қатысы бар ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығы АҚШ билігі сырттай айып тағып отырған Евгений Тимченко мен Сергей Овсянниковтың біздің елге қатыстылығын тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нью-Йорк штаты Шығыс округы прокуратурасының мәліметінше, Қазақстанның екі азаматы ондаған миллион АҚШ доллары сомасында кибералаяқтық жасады деген күдікке ілікті.

Евгений Тимченко мен Сергей Овсянников, сондай-ақ Ресейдің алты азаматы интернет-жарнама алаяқтығы, ақшаны жылыстату, жеке мәліметтерді ұрлау және қомақты сомаға шығын келтіру күдігі бойынша айыпталуда.

Шығыс округы прокуратурасының құжатында Овсянников биыл қазанда Малайзияда тұтқындалғаны атап өтілген. Ал Тимченко ағымдағы айда Эстонияда ұсталды. Тағы бір кибералаяқ Болгарияда құрықталды. Осы үшеуі де АҚШ сұрауы бойынша ұсталып, экстрадицияланады. Сонымен қатар қалғандарына іздеу жарияланды.

АҚШ билігінің хабарлауынша, аталған азаматтар заңсыз жолмен автоматтандырылған екі компьютерлік желі арқылы интернеттегі жарнама үшін табыс алып келген. Жалпы, автоматтандырылған желілермен олар 36 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы алған.

 

Соңғы жаңалықтар