+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

АҚШ-та афроамерикалық азамат полицейлердің қолынан көз жұмғаннан кейін жаппай тәртіпсіздік болды

2020 жылғы 30 мамыр 17:45
Бөлісіңіз:
АҚШ-та афроамерикалық азамат полицейлердің қолынан көз жұмғаннан кейін жаппай тәртіпсіздік болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Миннеаполис қаласында қарусыз афроамерикалық азамат полицейлердің қолынан қаза тапқаннан кейін АҚШ қалаларында қарсылық шарасына қатысушылар полицейлермен қақтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Pfizer вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балаларға 90% тиімді Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді Коронавирус: Латвияда локдаун енгізіледі

Ресми ақпаратқа қарағанда, Миннеаполистің экс-полицейі Дерек Шовин қамауға алынды. Ол тізесін Флойд мырзаның мойнына сегіз минут 46 секунд бойы қойып, оны тұншықтырған. Флойдты жедел жәрдем көлігімен Хеннепин аймақтық медицина орталығына жеткізіп, бір сағаттан кейін оның қайтыс болғаны хабарланған.

Шовин үшінші дәрежелі өлімге айыпталып отыр (күш қолданып, абайсызда өлтіру). Миннесот штатының заңы бойынша мұндай қылмыс жасаған адам 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Тағы да үш полицейге қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Бірақ бұл қарсылық шараларын тоқтата алмады. Жүздеген адам Вашингтондағы Ақ үйдің алдына жиналып, әділдікті талап етті. Олар Флойд мырзаның суретін көрсетіп, «Мен тыныс ала алмаймын» деп қайталай берді. Бұл Флойдтың соңғы сөзі еді.

Қарсылық шаралары көп штатта жалғасты. Лос-Анджелес, Чикаго, Денвер, Хьюстон, Луисвилл, Феникс, Колумбус пен Мемфисте демонстранттар мен полицейлер арасында қақтығыс болды.

Атлантада қарсылық танытушылар ғимараттарды қиратып, Си-эн-эн телекомпаниясының штаб-пәтеріне жақын жердегі полиция көліктерін өртеді.

Президент Дональд Трамп бұл оқиғаны «өте сұмдық нәрсе» деп бағалап, осылай жалғаса берсе Миннеаполиске арнайы әскер жіберуі мүмкін екенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#АҚШ   #Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT