АҚШ-та 70 жыл бұрынғы 14 жасар баланы өлім жазасына кесу сот қателігі деп танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 70 жыл бұрын Оңтүстік Каролина штатында 14 жасар афроамерикандық Джордж Стиннидің өлім жазасына кесілуі сот қателігі деп танылды.

Оны сәрсенбі күні жергілікті аймақтық сот ресми түрде мойындады.

«Аталған оқиғада адамның конституциялық құқықтарының өрескел бұзушылықтары анықталды», - деп қорытындылады сот үдерісіне төрағалық еткен судья Кармен Маллен.

8 және 11 жасар ақ нәсілді екі қыз баланы өлтіргені үшін айыпталған Джордж Стинни 1944 жылдың көктемінде сотталған. Ол ата-анасы немесе басқа кәмелеттік жасқа жеткен туыстарының қатысуынсыз қамауға алынып, қорғаушысы болмай сұралды. Стиннидің ісі бойынша сот қарауы екі сағатқа ғана созылды. Өлім жазасына кесу үкімі толығымен ақ нәсілді жергілікті тұрғындардан құралған алқа билердің қатысуымен небәрі 10 минуттың ішінде шығарылды. Ол бірден орындалды.

Соңғы жаңалықтар