АҚШ-та 5 күн теңізде болған 18 адам құтқарылды

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Сан-Диегодан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 16 миль жерде, АҚШ-Мексика шекарасына жақын халықаралық су айдынынан табылған апатқа ұшыраған моторлы қайықтан 18 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CBS News-ке сілтеме жасап.

АҚШ жағалау күзетінің мәліметінше, борттағы жолаушылар арасында екі кішкентай бала – 2 жасар қыз бен 4 жасар ұл бала болған.

Аман қалғандар тамақ пен суы болмағанын айтты. Олар құтқарылғанға дейін бес күн бойы бір орында қалқып жүрген.
Жағалау күзеті сәрсенбі күні түстен кейін бортында адамдары бар зардап шеккен қайықты байқаған басқа кемеден хабарлама алды.
Оқиға орнына жеткен тікұшақ экипажы жеті адамды, оның ішінде екі баланы, Калифорния штатының Сан-Диего қаласына жеткізді.
Қалған 11 жолаушыны Мексика әскери-теңіз күштерінің кемесі аман алып қалды.

Фото: headtopics.com

Соңғы жаңалықтар