АҚШ-та 35 қайық өртеніп, 8 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Алабама штатында 35 қайық өртеніп, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, өрт адамдар ұйықтап жатқанда тұтанған. 7 адам суға секіріп аман қалған. Құтқарушылар суда әлі де іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Өрттің неден туындағаны белгісіз. Өрт Теннеси өзенінде тұрған 35 қайықты шарпыған, оның 7-еуі суға батып кеткен. Қаза тапқандардың аты-жөні белгісіз»,- деп жазады басылым.

Алабама штатындағы Скоттсборо қаласында 14 мың адам тұрады. Қала билігі өрт шығыны және тексеру жұмыстары 3-4 күнге созылатынын айтты.



Соңғы жаңалықтар