+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

АҚШ-та 21 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

2021 жылғы 20 қазан 00:37
Бөлісіңіз:
АҚШ-та 21 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

УОЛЛЕР. ТАСС-ҚазАқпарат – АҚШ-тың Техас штатында 21 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды Түркістан облысында 4 адам ысты газға уланып, мерт болды Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

ТАСС агенттігінің АВС телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, оқиға Техас штатында, Хьюстоннан батысқа қарай орналасқан Уоллер округінде болды. Ұшақ далалы алқапқа құлаған.

Барлық жолаушы эвакуацияланып үлгерген, 2 адам зардап шеккен.

Апат орнынан түсірілген видеода өрт тұтанғанын және әуе кемесінің корпусы толығымен қирағанын көруге болады.

McDonnell Douglas MD-87 ұшағы Бостонға бет алған.

Мән-жайды анықтаумен FAA және Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес айналысады.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT