АҚШ-та 14 адам электронды темекінің құрбаны болды

None
None
АТЛАНТА. ҚазАқпарат – Американың Небраска штатының денсаулық сақтау саласының өкілдері электронды темекіден қайтыс болған алғашқы адам туралы мәлімдеді. Ал бүкіл елде вейпинг құрбандарының саны 14-ке жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CNN-ге сілтеме жасап.

Небраска штаты Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің мәлімдеуінше, Дуглас округінде тұратын 65 жастағы ер адам биыл мамырда қайтыс болған. Ал жазда электронды темекі тартудан індет тарағаны туралы ресми жарияланды.

Вейпинг Калифорния штатының екі тұрғынын жалмаған, сондай-ақ Канзаста екі адам, Орегонда тағы екі адам вейпинг құрбаны болған. Бұдан бөлек, Иллинойс, Индиана, Миннесота, Миссури, Флорида, Миссисипи және Джорджия штаттарының бір-бір тұрғыны электронды темекіден зардап шеккен.

АҚШ-тың ауруларға қарсы күрес орталықтары 46 штатта және Виргиния аралдарында 805 адамның өкпесі электронды темекіден зақымданғанын мәлімдеді.

Ұлттық сипат алған індеттің нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Дәрігерлердің болжауынша, оған вейп құрамындағы тетрагидроканнабинол, марихуанадағы есірткі заттар себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар