АҚШ спортшысы жүзуден ең жасы үлкен Олимпиада чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық жүзуші Энтони Эрвин 50 метр қашықтықта еркін жүзу бойынша финалдық ойында 21,40 секундпен жеңіске жетті.

Өзінің кезекті алтын медалін 35 жасында алып тұрған Эрвин жүзу спортындағы ең жасы үлкен Олимпиада чемпионы атанды.
Мәреге екінші болып жеткен осы қашықтықтағы қазіргі әлем чемпионы француз Флоран Маноду Эрвиннан жүзден бір секундқа қалып қойған.
Қола жүлде тағы бір американдық жүзуші Натан Эдрианға берілді.

Энтони Эрвин үшін бұл Рио ойындарындағы екінші алтын медаль - бірнеше күн бұрын АҚШ құрамасы сапында 100 метрге еркін жүзу эстафетасында жеңімпаз атанды.

Бүгінге дейін Эрвин 16 жыл бұрын Сидней олимпиадасында алтын медаль иеленген еді. Бірақ, жеңістен соң үлкен спорттан кетіп, рок-топтарда өнер көрсетті, есірткі қолданып, өзіне-өзі қол салғысы келді.
Тек, 2011 жылы Энтони Эрвин жүзуге қайта оралып, 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысты, бірақ онда ешқандай жүлде алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар