АҚШ соты Флойдтың өліміне айыпталушы полицейді кепілмен босату сомасын белгіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы полиция офицері Дерек Шовин кепілмен қамаудан ешбір міндетсіз босатылуы үшін 1,25 млн доллар көлемінде ақша төлеуі тиіс. Немесе 1 млн доллар төлеп, белгілі бір шектеумен шыға алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.

Ұстау кезінде абайсыз көз жұмған афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімі үшін айыпталған Миннеаполистің бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовинді 1,25 миллион доллар көлемінде кепіл сома төлетіп, қамаудан шығаруға келісті. Тиісті шешім дүйсенбі, 8 маусым күні Миннеаполис сотында шығарылды.

Кепілдік сома 1 миллион долларға дейін азайтылуы да мүмкін, ол үшін Шовин бірқатар талаптарға келісуі керек. Бұл құқық қорғау органдарында жұмыс істеуден бас тарту, қаруын тапсыру және оның рұқсатын қайтару, Миннесота штатынан кетпеу және Джордж Флойдтың отбасына жоламау.

Джордж Флойд 25 мамырда Миннеаполисте қайтыс болды. Оны ұстау барысында Дерек Шовиннің тоғыз минуттай тізесімен мойнынан басып отырған. Шовинге абайсызда адам өлтірді деп айып тағылды. Кейінірек айып деңгейі ауырлатылып үшіншіден екіншіге ауыстырылды. Флойдты ұстауға қатысы бар тағы үш полицейді Миннесота прокуратурасы адам өлтіруге ықпал етті деп айыптады.

Осы қайғылы оқиғадан кейін АҚШ-та ел бойынша нәсілшілдік пен полицияның зорлығына қарсы наразылық шері өтті. Акциялардың көбі жаппай тәртіпсіздік пен полициямен қақтығысқа ұласты. АҚШ-тың көптеген қалаларында комендант сағаты енгізілген. Флойд бүгін 9 маусым күні жерленеді.


Соңғы жаңалықтар