АҚШ соты Брэд Питке қол жұмсаған журналистке шара қолданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - АҚШ соты Брэд Питке шапалақ жегізген украиндық журналист Виталий Седюкке актерден 500 фут қашық жүруді бұйырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға «Малефисента» ертегісінің премьерасы кезінде орын алған еді. Бұрын да шатақ мінезімен белгілі болған журналист Брэд Питтің жағынан салып жіберіп, күннен қорғайтын көзілдірігін сындырды.

Басбұзарлық істі қараған Лос-Анджелес соты шатақ тележурналистке әртістен 5 тәулік бойы 155метр қашық жүру туралы үкім шығарды.

Ол аталған оқиғадан кейін Лос-Анджелестің түрмесіне қамалды. Оны босату үшін 20 мың доллар көлемінде кепілпұл төлеу қажет.

«Атың шықпаса, жер өрте» деп жүрген Виталий Седюк бұған дейін де «жұлдыздарға деген шексіз махаббатымен» ерекшеленіп еді.

Бірде Уилл Смитті сүюге талпынса, бірде Леонардо Дикаприоның тізесін құшқан. Тіпті актриса Америко Феррердің етегіне жармасып, шу шығарған.

Соңғы жаңалықтар