АҚШ ресейлік мұнай мен газ импортына тыйым салмақ

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат - АҚШ Ресейден шығатын барлық энергия импортына тыйым салады. Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үйде Украина төңірегіндегі жағдай бойынша сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

АҚШ энергетикалық тәуелсіз ел болуы керек, сонымен бірге Вашингтон Еуропалық Одақпен Еуропа елдерінің Ресейден мұнай мен газды қайтару перспективаларын талқылап жатыр, деді Байден.

«Бұл дағдарыс біздің экономикамызды ұзақ мерзімді перспективада қорғау үшін энергетикалық тәуелсіз болуымыз керек екенін нақты еске салады. Мен соңғы айларда еуропалық достарымызбен ресейлік мұнайдан қалай құтылу керектігі туралы бірнеше рет сөйлестім. Бұның әрі қарай жалғаса беруі мүмкін емес «, - деді Байден.

Сонымен қатар әлемдік Shell ресейлік мұнай мен газды пайдаланудан бас тартпақ

Shell компаниясы таратқан хабарламада ресейлік мұнай өнімдерін, құбыр газын кезең-кезеңімен бас тартатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар