+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

АҚШ президентінің сайлауы: алғашқы нәтижелер

2016 жылғы 9 қараша 08:55
Бөлісіңіз:
АҚШ президентінің сайлауы: алғашқы нәтижелер

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нью-Йорктағы Джейкоб Джавиц көрме орталығы алдындағы таблода сайлаушылар дауыстарының алғашқы есептері көрсетілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА арнаулы тілшісі АҚШ-тан.

Сағат 01.00 (Нью-Йорк уақытымен)
244:215. Дональд Трамп алда келеді.

Сағат 00.20 (Нью-Йорк уақытымен)
Дональд Трамп Айова штатында алда келеді, жеңіске жетсе, сайлаушылардың 6 дауысы қосылады .
Сайлауда жеңу үшін республикалықтарға 32 дауыс қалды.
Трамп-Клинтон 238-209.

Сағат 23.45 ( Нью-Йорк уақыты)

Associated press агенттігінің хабарлауынша, Д.Трамп Джорджия штатында жеңіске жетті.
Дауыс беру саны 232-209. Д.Трамп алда келеді.

Сағат 23.40 (Нью-Йорк уақыты)
Дональд Трамп 2012 жылы республикалықтар атынан сайлауға қатысқан Митт Ромнидің нәтижесінен асып түсті.

Д. Трамп Флорида штатында жеңіске жетіп, тағы 29 дауысқа ие болды. Қазір республикалық партия кандидатының еншісінде 216 дауыс бар, Хиллари Клинтон 197 дауысқа ие болды. Еске сала кетейік, жеңіске жету үшін 270 дауыс жинау керек.

Сағат 23.30 ( Нью-Йорк уақыты)
CNN хабарлауынша, Х.Клинтонда 197 дауыс, Д.Трампта 187 сайлаушының дауысы бар.
Осы уақытта Висконсин және Мичиган штаттарына басты назар аударылып отыр. Сарапшылардың пікірінше, аталған штаттарда кім жеңіске жетсе, сол кандидат АҚШ президенті атануы мүмкін.
Әзірше бюллетеньдерді санау жалғасып жатыр.

Сағат 22:50 (Нью-Йорк уақыты)

CNN телеарнасы Хиллари Клинтон 9 дауыс жинап, Колорадо штатында жеңіске жетті деп хабарлайды. Осылайша 169-131 сайлаушылар дауысы бойынша алда келе жатқан Д.Трамптың үлесі азайып келеді.

Сағат 22:30 (Нью-Йорк уақыты)

Дональд Трамп АҚШ-тың "құбылмалы" штаттарының бірі - Огайода жеңіске қол жеткізді. Нәтижесінде осы штатта ол 17 дауысқа ие болды. Сайлаушылар дауыстарының ағымдағы есебі 167-109 Трамп пайдасына тиесілі.

Сағат 22:16 Есеп 149-109 Дональд Трамп жеңуде. Ол Миссури штатында, Хиллари Клинтон - Нью-Мексико штатында жеңіске жетті. Ағымдағы сайлауларда демократтар үшін АҚШ этникалық қауымдастықтары белсенді дауыс беруде.

Сағат 21:50 (Нью-Йорк уақыты): 10 минуттан соң тағы үш негізгі штаттағы дауыстарды есептеу аяқталды. Дональд Трамп Луизианнада, ал Хиллари Клинтон Коннектитутта жеңіске жетті. Ағымдағы есеп 139 - 104 Трамп пайдасына шешіліп тұр.

Сағат 21:30-да (Нью-Йорк уақыты) Дональд Трамп сайлаушылардың 137 дауысын жинады, бұл Хиллари Клинтон 97 дауыс иеленді. Бірақ демократтар көшбасшысы Хиллари Нью-Йорк штатында, ал Дональд Трамп Техас және Арканзас штаттарында жеңіске қол жеткізді.

Хиллари Клинтон сағат 21:00-де (Нью-Йорк уақыты) Дональд Трампты жеңді, Ол сайлаушылардың 66-68 дауысын жинады. Жалпы жеңіс үшін оған әлі АҚШ сайлаушыларының 270 дауысын жинау қажет.

Сонымен қатар біздің Нью-Йорктағы тілшіміз мәлім еткендей, полиция америкалық миллиардерге тиесілі «Трамп Тауэр» ғимаратын қоршауға алды. Бұл ғимарат алдында наразылық бола қалған жағдайда қолданылатын құм тиелген жүк машиналары тұр.

Кандидатты жалпы ұлттық сайлау барысында сайлаушылар алқасы, желтоқсанның екінші сәрсенбісінен кейінгі бірінші дүйсенбіде жиналады - бұл сайлаудың екінші кезеңі болады. Сайлаушылардың жалпы жиналысы болмайды, олар өз қалаларында дауыс береді. Дауыс беру нәтижелері туралы сертификаттар содан кейін Конгресске жіберіледі. Қаңтарда екі палата да жиналады, олар сайлаушылар дауыстарын санайды және АҚШ президентіне сайлаудың ресми қорытындысын жариялайды.

Сайлаушы азаматтар арасында белгілі бір беделге ие АҚШ азаматы бола алады. Бұл штат тұрғындары өз мүдделерін білдіре алады деп сенім артқан адам болуы тиіс. Оны әрбір жекелеген штаттың партиялық басшысы тағайындайды. Сайлаушылар әдетте конгрессмендер, бұрынғы әскерилер немесе қандай да бір танымал тұлғалар болады.

Сайлаушы мүлікті таратумен байланысты лауазымда бола алмайды. Бұл шектеу алқа мүшелері анағұрлым тәуелсіз және жан жақты болуы үшін енгізілген. Президент 538 сайлаушылардың кемінде 270-і қолдаған кандидат болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT