АҚШ Президенті Мексикамен шекараға алып қорған тұрғыза бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Дональд Трамп елдің Мексикамен шекарасында қорған тұрғызу жарлығына қол қойды. 

Осылайша, Трамп өзінің сайлауалды уәделерінің  бірін орындауға кірісті. Президенттік креслоға отырған 5 күннің ішінде АҚШ-тың жаңа президенті өзінің  саяси бағдарламасының тағы екі тармағын іске асырып үлгерді: Тынық мұхиты серіктестігі туралы келісімнің күшін жою және Obamacare  деп аталатын денсаулық сақтау реформасын тоқтататын процедураны іске қосу. Бұл туралы russian.rt.com сайтында хабарланды.

Америка құрама штаттарының 45-інші президенті ел шекараларында қауіпсіздікті күшейту туралы жарлыққа қол қойды. Құжаттарда сондай-ақ заңсыз мигранттармен және қылмыспен күресу үшін Мексикамен шекарада қабырға тұрғызу жарлығы қамтылған.

Дональд Трамп Мексикамен шекарада қабырға тұрғызатындығын және оны Мексика есебінен іске асыратынын бұған дейін бірнеше мәрте айтқан болатын. Бұл оның саяси бағдарламасының басты және ең даулы бөлігі болып табылады.


Еске салайық,3145 шақырымға созылған аталмыш елмен шекара Құрама Штаттардың ішкі саясаты үшін Дональд Трампқа дейін өзекті проблемаға айналған еді. 1980-жылдарға дейін ол мүлдем дерлік қорғалмады, бұл контрабандашыларға қолайлы болып келді.

1993 жылы Билл Клинтон тұсында екі ел шекарасына кедергі тұрғызыла бастады және ол 2000 жылға дейін жалғасты. Бұл уақыт ішінде Калифорния мен Мексика шекарасының барлық бойына дуал тұрғызылды.  

2006 жылы Джорд Буш-кішінің жарлығымен шекара бойында тағы 900 шақырымдық кедергі тұрғызылды. Дегенмен, 2 мыңнан астам аумақ ашық күйінде қалды. Бүгінде екі ел арасындағы шекараны ондаған мың америкалық шекарашы күзетеді, бірақ Вашингтонда заңсыз миграция мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

1970 жылдан бастап Мексикадан АҚШ-қа 12 млн.-нан астам адам көшіп келген. Оның жартысынан астамы - заңсыз.  

Соңғы жаңалықтар