АҚШ Президенті Куба халқына тарихи үндеу жолдамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама келесі аптада Кубаға сапары кезінде арал халқына тарихи үндеуін жолдайды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі «Ақ үйге» сілтеме жасай отырып.

Президент әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, алдағы сейсенбіде жоспарланған кездесулерден кейін президент Обама мен оның кубалық әріптесі Рауль Кастро тілшілер алдында бірге сөз сөйлемек.

Барак Обама 90 жылдан кейін Кубаға барғалы отырған АҚШ-тың бірінші президенті.

Өткен жылдың шілде айында Вашингтон мен Гавана 1961 жылы тоқтатылған дипломатиялық қатынастарын қалпына келтіру туралы келіскен болатын.

Осы аптада АҚШ Кубаға қатысты санкцияларын жеңілдетті.

Соңғы жаңалықтар