USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

АҚШ Президенті Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады

2021 жылғы 4 желтоқсан 20:31
Бөлісіңіз:
АҚШ Президенті Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаңтар оқиғасы: ҚР СІМ басшысы ЕҚЫҰ өкілдері үшін брифинг өткізді Еуропарламент қарары Қазақстанға қалай әсер етеді – сарапшы пікірі СІМ Еуропарламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарарын біржақты деп санайды

«Қазақстанның Орталық Азияда мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын», – деп жазды америкалық көшбасшы.

Оның пікірініше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Fзия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті», - деп мәлімдеді АҚШ Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT