+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

АҚШ пен Тайвань киберсоғыс жаттығуларын өткізіп жатыр

2019 жылғы 5 қараша 16:19
Бөлісіңіз:
АҚШ пен Тайвань киберсоғыс жаттығуларын өткізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тайвань шенеуніктері бір аптаға созылған киберсоғыс жаттығуларының құрбанына айналады. Жергілікті үкімет Тайваньдағы Америка институтымен бірге киберсоғыс жаттығуларын өткізіп жатыр, деп жазады ВВС.

Жаттығу жұма күнге дейін жалғасады және оның барысында үкіметтік веб сайттар мен жеке компаниялардың сайттары кибершабуылдардан қаншалықты жоғары деңгейде қорғалғаны тексеріледі.

«Көбіне Қытай Тайваньдағы негізгі кибершабуыл көзі ретінде қарастырылады. Тайваньның киберқауіпсіздік агенттігі өкілдерінің айтуынша, үкіметтік желілер айына 30 миллион шабуылға тап болады және олардың жартысы Қытайдан келеді» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, шабуыл жасаушылар сайлау нәтижелеріне әсер етіп, инфрақұрылым мен қаржылық саудаға кесірін тигізбек болған.

Кибержаттығуларға Австралия, Индонезия және Жапония да қатысып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT