АҚШ пен Швейцария банктеріндегі ахуал Қазақстанға қалай әсер етеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың банк секторындағы ахуал біздегі банк секторына шектеулі көлемде ғана әсер ете алады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Теңгенің өзге валюталарға қатысты бағамы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінен қалыптасады. Ал ұсыныс пен сұранысқа түрлі факторлар әсер етеді. Кейінгі уақытта бағамның өзгергенін көріп отырмыз. Нарықта құбылмалылық бар. Оның себептері бар. АҚШ-та екі банк депозит иелері ақшасын шешіп алуға қатысты проблемаға тап болды. Швейцариядағы өте ірі банк қиындыққа тап болып жатыр. Бізге осы себептер қандай да бір жолмен әсер етуі мүмкін. Бірақ әзірге алаңдауға себеп көріп тұрған жоқпыз. АҚШ-тың банк секторындағы ахуал біздегі банк секторына шектеулі көлемде ғана әсер ете алады. Біздің банк секторының өтімділігі жеткілікті деңгейде», - деді Ғалымжан Пірматов.


Соңғы жаңалықтар