+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

АҚШ пен Еуропада қор биржасының индекстері күрт төмендеді

2020 жылғы 12 маусым 09:14
Бөлісіңіз:
АҚШ пен Еуропада қор биржасының индекстері күрт төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропаның қор нарығында баға белгілері төмендеді. Батыс Еуропаның STOXX Europe 600 компаниялар индексі - 4 пайыздан аса, немістің DAX-ы – 2,8 пайызға, франциялық CAC-40 - 4,6 пайызға, британдық FTSE – 4 пайызға құлдилады. Бұл жөнінде Euronews.com агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Нью-Йорк қор биржасының басты индекстері нарық қатысушыларының коронавирустың екінші толқынынан қорқуы себебімен күрт төмендеген. Dow Jones өнеркәсіп индексі 7 пайыздан астам жоғалтқан – бұл ол үшін соңғы үш айдағы ең нашар күн. Құрамына ең ірі 500 компаниялар кіретін S&P 500 индексі 6 пайыздай төмендеген. Nasdaq электронды биржасының индексі 2 пайыздан астам төмендеді.

Ең қатты төмендеген - әуе желілері, круиз операторлары мен туроператорлар, сондай-ақ энергетикалық сектордың баға белгілері.

Нарық аналитиктері инвесторлардың көңіл-күйіне Флорида, Техас және Калифорния штаттарында коронавирус жұқтыру фактілерінің көбейгені туралы мәліметтер әсер еткенін айтып отыр.

Таяуда АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі экономиканы қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылатынын және індеттің екінші толқыны басталса, карантинді қайта енгізуге болмайтынын мәлімдеді. Өткен аптада сауда биржасына жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны 1,5 млн адам сұрап келді.

ФҚЖ болжамынша, АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі биыл 6,5 пайызға төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 9.3 пайызды құрайды. Қазіргі кезде көрсеткіш – 13.3 пайыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT