АҚШ-пен достық қарым-қатынаста болғанды қалаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті ретінде АҚШ-пен ашық, достық қарым-қатынаста болғанды қалаймын.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада өтіп жатқан Қатар экономикалық форумының «In Conversation with President Tokayev» арнайы панельдік сессиясы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Жиын барысында модератор Қазақстан басшысына АҚШ Президентінің ОПЕК аясында мұнай өндіру көлемін арттыру мәселесіне күш салып жатқаны туралы сұрақ қойды.

Модератор Манус Крэнни (Bloomberg): Байден әкімшілігі Сауд Арабиясы билігінен мұнай көлемін арттыруды талап етіп отыр. АҚШ Президенті Джо Байденнің саясаты ОПЕК-ке тиімді ме ? Сіз ОПЕК-тің энергоресурстарды өндіру көлемін арттыруды қолдайтыны туралы естідіңіз бе ? Байденнің бұл мәселеге көзқарасы оңды ма ?

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен сіздің сұрағыңызға жауап беруге қиналып тұрмын. Мен Қазақстан Президентімін және Америка Құрама Штаттарымен ашық әрі достық қарым-қатынаста болғанды қалаймын»


Соңғы жаңалықтар