АҚШ Париж келісімінен шығатынын ресми түрде мәлімдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ климат бойынша Париж келісімінен шығудың ресми жұмыстарын бастады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келісімнен шығу процесі 5 қараша күні басталды. Помпеоның айтуынша, АҚШ атмосфераға түсетін зиянды қалдықтарды азайту бойынша әлемдік көшбасшылығын мақтан тұтады.

Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ Мемлекетттік департаменті БҰҰна келісімнен шығатыны туралы ресми хабарландыру жіберген. Бұл процесс бір жылға созылады.

Айта кету керек, АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы маусым айында АҚШ Париж келісімінен шығатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл құжат америкалық компанияларға және салық төлеушілерге бұлыңғыр экономикалық міндеттер жүктейді. Трамп Вашингтон бұл келісімге тиімді шарттармен кейін қайта қосылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Климаттың өзгеруі туралы келісімге 2015 жылы қол қойылды. Оны 197 мемлекет қолдады. Құжаттың мақсаты — жаһандық орташа температураны екі градус цульсиден асырмау. Бұл құжатқа қол қойған кезде АҚШ 2025 жылға қарай парниктік газдардың көлемін 2005 жылмен салыстырғанда 26 пайызға азайту міндетін алған еді.

Соңғы жаңалықтар