«АҚШ пандемиядан бас тартты» - ақпарат фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде АҚШ пандемиядан бас тартты деген ақпарат таратылуда. Видео авторы Америка үкімет COVID-19-дан болған өлім-жітім туралы деректерді жинауды тоқтатты деген мәлімдемеден кейін осындай қорытынды жасаған. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайттың жазуынша, АҚШ федералды үкіметі коронавирустан өлім-жітім туралы күнделікті есептерді жинаудан бас тартқаны рас.

2022 жылғы 6 қаңтарда АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету министрлігі (HHS) ауруханалар Денсаулық сақтау министрлігіне есеп беретін жаңа нұсқаулар шығарды. Жаңа құжат бойынша медициналық ұйымдар әр күннің соңында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар туралы мәлімет ұсынбайда. Дегенмен, КВИ расталған жаңа түскен науқастар туралы күнделікті есептер міндетті болып қала береді.
Алайда, бұл АҚШ коронавирустан болған өлім-жітім бойынша статистика жүргізуді тоқтатты дегеннің белгісі емес. Ауруханалар әлі де болса қайтыс болғандар туралы мәліметтерді штаттың денсаулық сақтау органдарына, ал штаттар арқылы Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарына (CDC) жібереді.
«COVID-тен болған өлімі туралы мәліметтер көпшілікке қол жетімді болып қала береді», – деді АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі хатшысының көмекшісі CDC-ге сілтеме жасай отырып.

«Ауруханалар денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19-дан өлім-жітім туралы күн сайын есеп бермейді. Бірақ бұл CDC-ге осы деректерді жіберетін жергілікті денсаулық сақтау органдарына барлық осындай жағдайлар туралы хабарлаудың қажеті жоқ дегеннің белгісі емес. Біз әлі де өлім-жітімді есептейміз», – деді Atlantic журналисті және COVID бақылау жобасының негізін қалаушы Эрин Киссане.

Осылайша, АҚШ пандемиядан бас тартты, сондай-ақ COVID-19 болатын өлім бұдан былай тіркелмейді деген тұжырымдар негізсіз және манипуляция болып табылады.


Соңғы жаңалықтар