+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

АҚШ округінің шерифі Царнаевтың жерленуін заңды деп таныды

2013 жылғы 13 мамыр 02:38
Бөлісіңіз:

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Тамерлан Царнаев жасырын түрде жерленген Вирджиния штаты Кэролайн округінің шерифі лаңкестікке күдіктіні жерлеуге арналған құжаттардан ешбір кінәрат табылмағандығын мәлім етті.

Бұл туралы CNN телеарнасына сілтеме жасап Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

«Өкінішке қарай, енді біз бұл қайғылы оқиғаға, лаңкестікке күдіктілердің бірі жерленген жер ретінде мәңгілікке байланыстымыз», - деді шериф Тони Липпа.

Оның айтуынша, олар қаланың мэрімен бірге Царнаевты жерлеуге арналған құжаттарды жіті оқып шыққан және олардан ешбір бұзушылықты таппады. Онымен бірге, бұған дейін хабарланғандай, барлық қажетті рәсімдер сақталған жағдайда жергілікті билікті жерлеу туралы ескерту міндетті емес.

Бостондағы лаңкестікті жасады деген күдік тағылған Т.Царнаевтың денесін Массачусетстің, сондай-ақ бірқатар өзге штаттардың зираттары қабылдаудан бас тартты. Бірақ, бейсенбіге қараған түні Т.Царнаевтың мәйті Кэролайн округінің Досуэлл қаласындағы мұсылман зиратында жасырын түрде жер қойнына тапсырылды. Бұл, жерлеу құжаттары заңсыз деп танылған жағдайда мәйтті қайта жерлеу мүмкіндігін қарастырып отырған жергілікті билік үшін күтпеген жағдай болды.

Еске салайық, 15 сәуір күні Бостонда өткен халықаралық марафон кезіндегі жарылыстардан үш адам мерт болып, 250-ден астамы зардап шекті. Көз жұмған Тамерлан Царнаевтан бөлек лаңкестік актіні ұйымдастыруда оның інісі Джохар Царнаев айыпталуда. Қазір ол полицияның қолында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT