АҚШ өкілі: Ливандағы бітімгерлік миссия - Қазақстан тарапынан жасалған маңызды қадам

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливандағы бітімгерлік миссия - Қазақстан тарапынан жасалған маңызды қадам болып табылады. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс бүгін Астанада осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында бейбіт бастамаларға қатысқан бірінші мемлекет болғанын көрдік. Соның ішінде, бұл Ливандағы бастамаға қатысты. Бұл Қазақстан тарапынан жасалған өте маңызды қадам, ол сіздің мемлекетіңіздің көшбасшылық рөлін тағы бір көрсетіп отыр», - деді Элис Уэллс Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның кезектегі отырысының қорытындысына арналған брифингте.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында 120-дан астам қазақстандық әскери Ливанға бітімгерлік миссиямен аттанды. Бұдан басқа, Элис Уэллс Қазақстанның қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікпен күрес, сондай-ақ Ауғанстанға көмек көрсетудегі тұрақты саясатын атап өтті.

  

Авторы Камила Әмірова

Соңғы жаңалықтар