АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстанға сапары аясында қандай мәселелер қаралады

None
Фото: Getty Images
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары аясында экономика, энергетика және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтеді. Оны елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды, сондай-ақ Мемлекеттік хатшымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді келіссөз өткізеді», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингі барысында.

Оның айтуынша, дәл сол күні Астанада Бликеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді.

«Қазіргі кезде Орталық Азия елдері сыртқы істер министрліктерінің басшылары аталған жиынға қатысатындарын растады. С5+1 министрлік кездесуінде Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен экономика, энергетика және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сондай-ақ терроризммен күрес мәселелерін талқылау жоспарланып отыр», - деді А. Смадияров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен осы жылдың 28 ақпанынан 3 наурызына дейін Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанда болады.


Соңғы жаңалықтар