АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 5 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның Нұр-Сұлтан қаласына сапары жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сапар аясында оның мемлекет және сыртқысаяси ведомство басшылығымен кездесулері қарастырылған. Олардың барысында екіжақты және өңірлік ықпалдастықтың саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде», делінген министрліктің Telegram-дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ресми сапармен Қазақстанға келетіні хабарланған еді. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растаған.

фото: scoopnest.com/ru/user/
Соңғы жаңалықтар