АҚШ мемхатшысы Қазақстанмен арадағы стратегиялық ынтымақтастықтың нығаятынына сенім білдірді

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қ Мемлекеттік хатшы АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсететінін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа үкіметімен екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуға үміттенетінін білдірді.

Мемлекеттік хатшы Президент Тоқаевтың Қазақстандағы саяси қатынасты кеңейту және Қазақстан халқы үшін негізгі еркіндікті қорғауды күшейтубойынша әрекеттерін қолдайтынын білдірді.

Майкл Помпео Қазақстанның Сириядан өз азаматтарын отанына әкелудегі көшбасшылығын жоғары бағалап, Қазақстанды басқа елдермен өз тәжірибесін бөлісуге шақырды.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілікті қолдағанын атап өтті.


Видеоны АҚШ Мемлекеттік департаменті ұсынды

Соңғы жаңалықтар