АҚШ Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтатты

None
None
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ төңкеріс кезінде биліктен кеткен Қырғыстанның бұрынғы президентінің ұлы Максим Бакиевке қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Бұл туралы Нью-Йорк прокуратурасына сілтеме жасап шетелдік БАҚ хабарлады.

Өткен жылдың қазанында АҚШ-тың сұранысымен Ұлыбританияның құқық қорғау органдары Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы Максим Бакиевті Лондонда тұтқынға алған болатын. Ол Тұманды Альбионда 2010 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін бой тасалаған еді. АҚШ-тың Әділет департаменті оны құнды қағаздармен алаяқтық жасау үшін құпия сөз байланысты деген айып таққан-ды.

Соңғы жаңалықтар