+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

АҚШ коронавирусты анықтайтын веб-сайт жасап жатыр – Әлемдік баспасөзге шолу

2020 жылғы 16 наурыз 16:07
Бөлісіңіз:
АҚШ коронавирусты анықтайтын веб-сайт жасап жатыр – Әлемдік баспасөзге шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік баспасөзге шолуын ұсынады.

Гренландия мен Антарктидада мұздың еруі артты - ВВС

Гренландия мен Антарктидада мұз 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда алты есе жылдам еріп жатыр, деп хабарлайды ВВС. Ғалымдардың айтуынша, бұған жаһандық жылыну әсер етуде.

«1992-2017 жылдар аралығында Гренландия мен Антарктидада 6,4 триллион тонна мұз еріген. Соның нәтижесінде теңіздің жаһандық деңгейі 17,8 мм-ге көтерілген», - дейді Ұлыбританиядағы Лидс университетінің профессоры Эндрю Шепард.

Оның айтуынша, мұз еруінің қазіргі жылдамдығы теңіз жағалауындағы аумақтардың су астында қалуына және жердің эрозиясына алып келеді.

«Егер осы қарқын сақталатын болса, 2100 жылға қарай жыл сайын 400 млн адам су басу қаупін сезінетін болады», - деп жазады басылым.

Айта кету керек, Гренландия мен Антарктида 1990 жылдары жылына 81 млрд тонна мұздан айырылса, 2010 жылы бұл көрсеткіш жылына 475 млрд тоннаға жеткен.

Жұмысқа велосипедпен бару қауіпті - CNN

Жаңа зерттеу нәтижесінде анықталғандай, жұмысқа велосипедпен бару басқа көлік құралдарына қарағанда қауіпті болып шықты. Ғалымдар велосипедпен жүру физикалық форма мен денсаулық үшін пайдалы болғанымен, оның қауіпті екенін анықтады, деп жазады CNN.

«Велосипедпен жүру жарақат алу қаупін арттырады. Дәл сол себепті Ұлыбритания халқының тек 4 пайызы велосипедпен жүреді. Ал негізінен, халықтың 40 пайызында велосипед бар. Олардың барлығы жұмысқа велосипедпен бару қауіпті деп есептейді», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Глазго университетінің ғалымдары Ұлыбританияның 230 мыңнан астам азаматтарының қатысымен зерттеу жүргізді. Олар анықтағандай, осы адамдардың 45 пайызынан астамы велосипедпен жұмысқа бара жатқанда жарақат алған.

«Зерттеуге қатысушылар 8,9 жыл бақылауда болды. Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдары бұл зерттеу велосипедпен жүретіндер үшін қауіпсіздікті арттыру қажеттілігін көрсеткенін айтты», - деп жазады автор.


АҚШ коронавирусты анықтайтын сайт жасайды – Bloomberg

АҚШ-та Google компаниясының қолдауымен адамдарға өз бетімен коронавирус белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін сайт жасалады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты, деп жазады Bloomberg.

«Президенттің айтуынша, сайтта онлайн сұрақтар болады. Соның нәтижесінде азаматтарға коронавирусқа тест тапсыру қажеттілігі анықталатын болады. Ал тест Walmart және Target супермаркеттерінің автотұрақтарында қолжетімді болады. Сайт нақты қалай жұмыс істейтіні және қашан іске қосылатыны әлі белгісіз», - деп жазады басылым.

Айта кету керек, қазіргі таңда АҚШтың 48 штатында коронаиврус анықталды. Коронавирус жұқтырғандар Америкада 2 мыңнан өсті.


Коронавирус: БҰҰ қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуге көшті – UN News

БҰҰ штаб-пәтерінің қызметкерлері коронаиврус кесірінен ашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар қызметі - UN News сайты хабарлады.

«БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 16 наурыз – 12 сәуір аралығында барлық қызметкерлер үйден жұмыс істейтіні туралы шешім қабылдады. Қажеттілік туындаған жағдайда, мезім ұзартылады», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ақпаратта нақты нұсқаулықтарға жүгіну керектігі айтылған.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулықтарын барынша сақтап, вирустың таралуын бсеңдету маңызды», - деп жазылған ақпаратта.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: АҚШ, БАҚ, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT