АҚШ комиссиясы спиннерлердің жарылу қаупі бар екенін ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спиннерлердің жарылып кетуі сирегенімен, әлі толық жойылған жоқ деп хабарлайды onliner.by .

Бұл шағын аккумуляторы бар Bluetooth-спиннерлерде жиі кездеседі. Сондықтан Америка билігі тұтынушыларға сақ болу керектігін ескертеді. Кеңестер АҚШ-тың өнімдер қауіпсіздігі комиссиясының Туиттердегі аккаунтында жария етілді.
Мамандар спиннерді бетке жақын айналдырмауға ауызға салудан бас тартуға кеңес береді. Үш жасқа дейінгі балаға спиннер беруге тіптен болмайды.
Батареямен жұмыс істейтін спиннерден барынша сақ болу керек. Девайсті қуат алуы кезінде тексеру қажет, сондай-ақ оны түнде қуат көзіне қосуға болмадйы. Қоса қалған жағдайда үйде түтіннен сақтандыратын дабыл жүйесі міндетті түрде орнатылған болуы тиіс.

Еске сала кетсек, маусым айында Bluetooth-динамигі бар спиннер қуатқа қосылып тұрған кезінде жарылып, кілемді күйдіріп тастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар