АҚШ Қазақстанның аумақтық тұтастығын қолдайды - Елші

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайды. Бұл туралы Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниэл Розенблюм айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Америка Құрама Штаттарының Елшісі ретінде Қазақстан Президентіне аккредиттеу құжатын тапсыру мәртебесіне ие болдым. АҚШ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындағанын мақтан етеді. Ынтымақтастықтың 30 жылы ішінде біз барынша қауіпсіз әрі гүлденген өңір қалыптастыру, қауіпсіз әлем құру, БҰҰ жарғылары мен ұстанымдарын қолдау мақсаттарын бөлістік. АҚШ Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайды. Сонымен қатар экономикалық байланыстарды нығайтып, халықтарымыз арасындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделі», - деді ол Ақордада Қазақстан Президентіне сенім грамтотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте.

АҚШ Елшісі Қазақстан Президентінің саяси, экономика және қауіпсіздік салаларындағы реформаларына жоғары бағалайтындықтарын айта келе, оларды жүзеге асыруға қолдау білдіретіндіктерін атап өтті.

«Осынау тамаша елдің әрбір өңіріне барып, халқымен танысқым келеді. Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы жаңа Елшісі ретінде қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе. Стратегиялық серіктестігімізді одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге асықпын және тарихы бай, табиғаты ғажап Қазақстанда тұруға осындай мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын», - деді Дэниэл Розенблюм.


Фото: uzreport.news
Соңғы жаңалықтар