АҚШ Қазақстанды дос деп мақтанышпен атайды - Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан халқын 2021 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын.

АҚШ Қазақстанның экономикалық байланыстарды нығайту, өркендеу мен өсуді ілгерілету бойынша күш-жігерін, сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан зор үлесін жоғары бағалайды.

Қазақстан соңғы отыз жыл ішінде Орталық Азиядағы өзгерістердің орталығында болды. Ол ядролық қаруды таратпауға деген берік ұстанымымен өзін басқа елдерге үлгі етіп көрсетті және біз, жүргізіліп жатқан саяси және адам құқықтары саласындағы реформалармен шабыттымыз. Америка Құрама Штаттары Қазақстанды Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлануымен құттықтайды. Біз сондай-ақ Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту және шетелдік инвестициялар үшін климатты жақсарту жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз», - делінген Америка Мемлекеттік хатшысының құттықтауында.

Сондай-ақ Э.Блинкен АҚШ елімізді дос ретінде мақтанышпен айтатынын жеткізді.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанды дос деп мақтанышпен атайды және оның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына берікпіз. Біз екі ел азаматтарының игілігі үшін стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайта береміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар