АҚШ: Калифорнияда боулинг-клубта атыс болып, 3 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатының Торранс қаласындағы Gable House боулинг-клубында атыс болды, деп хабарлайды Associated Press-ке сілтемемен tvrain.ru.

Оқиға кезінде 3 адам ажал құшқан, тағы 4 адам жарақат алған.

Твиттерда оқиға кезінде түсірілген видео жарияланды. Онда полицей ес-түссіз жатқан жаралы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқаны таспаланған.

Айта кетейік, Торранс - Лос-Анджелестен 30 шақырым жерде орналасқан қала.

Соңғы жаңалықтар