АҚШ: Калифорния штаты тарихындағы ең алапат өрт толық сөндірілді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер Калифорнияның солтүстігінде болған орман өртін толықтай сөндірді. Аталмыш өрт бұл штаттың тарихындағы көлемі жөнінен ең үлкен аумақты шарпыған апат деп танылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігігі АҚШ Ормандарды қорғау федералдық қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Ведомтствода Мендосионо округімен аталған шілде айындағы өрт 100 пайызға сөндірілгенін жеткізді. Жалын 1,86 мың шаршы километр аумақты шарпыған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, тілсіз жау екі ай ішінде Колуза, Лейк пен Мендосино округтеріндегі 150-ден астам үй мен 280-ге жуық құрылыстың көзін жойған. Өрттің салдарынан бірнеше мың адамды эвакуациялауға тура келген. Бүгінде тұрғындардың көпшілігі үйлеріне қайтқан. Тілсіз жауды сөндіру кезінде бір құтқарушы қаза тапты. Өрттің басталу себептері әлі анықталмаған.
null null 

https://tass.ru/proisshestviya/5584178

Фото: fortune.com/Frederic J. Brown-AFP/Getty Images

Соңғы жаңалықтар