+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

АҚШ қалаларына коменданттық сағат енгізілмек

2020 жылғы 31 мамыр 11:40
Бөлісіңіз:
АҚШ қалаларына коменданттық сағат енгізілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Миннесота штатының губернаторы афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ қалаларында басталған қарсылық шараларының енді қара нәсілдінің өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 4 жастағы сәби екі қабатты тұрғын үйдің баспалдағынан құлап кетті Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала дарияға батып кетті

Оны сырттан келген радикалдар әдейі ұйымдастырып жатыр. АҚШ қалаларында коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc агенттігіне сілтеме жасап.

Әуелі Миннеаполис штатының ірі қаласында, содан кейін Вашингтонда, Атлантада, Нью-Йоркта және елдің басқа да ірі қалаларында қарсылық шарасына қатысушылар мен полицейлер арасында қақтығыс болды. Флойдтың мойнына тізесін қойып, тұншықтырған бұрынғы полицей қамауға алынды. 44 жастағы Дерек Шовинге кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Тағы да үш полицейге қатысты тергеу жалғасуда. Қарсылық танытушылар оларды сотқа беруді талап етіп жатыр.

Осыған дейін АҚШ-тың Миннеаполис қаласында қарусыз афроамерикалық азамат полицейлердің қолынан қаза тауып, кейін АҚШ қалаларында қарсылық шарасы өтіп, оған қатысушылардың полицейлермен қақтығысқандығы туралы айтылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT