АҚШ-қа сұрапыл дауыл жақындап қалды, Луизианада төтенше жағдай жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексика бұғазымен жылжыған «Николас» тропикалық дауылы АҚШ жағалауына жақындап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Америка ұлттық дауыл орталығының (NHC) мәліметінше, дауыл эпицентріндегі желдің екпіні сағатына 65 шақырымға жетеді.

Сұрапыл дауыл Мексика бұғазындағы Корпус-Кристи және Галвестон қалаларының арасымен өтеді деп күтілуде. Алайда, NHC болжамы бойынша «Николас» салдарынан Хьюстон мен оған жақын аудандарда кенеттен су тасқыны болуы мүмкін. Штаттың бірқатар аудандарына дауылдың жақындап келе жатқаны туралы ескерту берілді.

Луизиана штатының губернаторы Джон Бэл Эдвардс штатта төтенше жағдай жариялады. Себебі, Луизиана екі апта бұрын «Ида» дауылы мен су тасқынынан кейін енді қалыпқа келіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар