АҚШ-қа оқуға кеткен алматылық пәтерінен айырылып қала жаздады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Америкаға оқуға кеткен тұрғынның пәтері жалған сенімхатпен сатылып кеткен. Қылмыстық іс Бостандық аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық сот таратқан хабарламаға қарағанда, 3 алаяқ 4 бөлмелі пәтерді паркингімен қоса сатып жіберген. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа шағымданған пәтер иесі баспанасының сатылып кеткенін кездейсоқ біліп қалған.

«Арызданушы 2017 жылдың 16 қыркүйегінде жасалған пәтерді сату туралы келісімшартты заңсыз деп тануды сұрады. Ол арызында Алматы қаласы «Мирас» ықшамауданында орналасқан жер асты паркингі бар 4 бөлмелі пәтерді өзіне тиесілі екенін дәлелдеп, Қырғыз Республикасы Бішкек қаласындағы нотариуста әзірленген сенімхатты заңсыз деп тануды сұрады», -делінген хабарламада.

Сот арызданушының сенімхат пен келісімшартты заңсыз деп тану туралы арызын қанағаттандырды.

Айта кетейік, арызданушы 2017 жылдың қаңтар айынан бері АҚШ-та білім алып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар