АҚШ Иранмен байланысы бар Сириядағы нысандарға соққы берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ әскери күштері сейсенбіде Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында Иранның Ислам революциялық сақшылар корпусымен (ИРСК) байланысты топтар пайдаланатын нысандарға әуе шабуылдарын жасағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбідегі АҚШ Қарулы күштері орталық қолбасшылығының (USCENTCOM) мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл президент Джо Байденнің бұйрығымен жасалған және АҚШ күштерін Иран қолдаған топтардың шабуылынан қорғауға бағытталған.

«Бүгін Президент Байденнің бұйрығымен АҚШ қарулы күштері Сириядағы Дейр-эз-Зор провинциясына әуе шабуылдары жасалды. Бұл нақты соққылар америкалық әскерлерді қорғауға арналған», - делінген хабарламада.

Мәлімдеме 15 тамызда болған оқиғаға сілтеме жасалған. Ол кезде Сириядағы халықаралық коалиция күштерінің аумағына және АҚШ қолдаған Сирия оппозициясының жауынгерлеріне пилотсыз ұшырылатын қарумен шабуыл жасалған болатын.

«Құрама Штаттар шиеленіс іздемейді, бірақ халқымызды қорғау үшін қажетті шаралар қолдануды жалғастырады. АҚШ күштері ДАИШ содырларын жеңу үшін Сирияда қалады», - деді USCENTCOM қоғаммен байланыс директоры полковник Джо Буччино.



Фото: AP




Соңғы жаңалықтар