+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

АҚШ Ирактағы әскери миссиясын жыл соңына дейін тоқтатады

2021 жылғы 27 шілде 12:50
Бөлісіңіз:
АҚШ Ирактағы әскери миссиясын жыл соңына дейін тоқтатады

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байден мен Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми Ирактағы америкалық әскери миссияны тоқтату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Францияда 49 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады АҚШ-қа сұрапыл дауыл жақындап қалды, Луизианада төтенше жағдай жарияланды ҚР Қорғаныс министрі АҚШ генералын қабылдады

Қол қойылған келісімге сәйкес, АҚШ Ирактағы әскери миссиясын осы жылдың соңына дейін ресми түрде аяқтайды. Бұл – Америка әскерлері алғаш рет елге жіберілгеннен кейін 18 жыл өткен соң болғалы тұрған оқиға.

АҚШ президенті Джо Байден мен Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми арасындағы алғашқы бетпе-бет кездесу елдердің стратегиялық диалогы аясында Ақ үйде өтті.

«Біздің Ирактағы миссиямыз жалғасады. Бірлескен жаттығуларды жалғастырамыз, террористік топтарға қарсы күреске көмектесіп, қажетті жағдайларды жасаймыз. Алайда осы жылдың соңына дейін әскери миссиямызды тоқтата тұрамыз», – деді Джо Байден.

Қазіргі таңда Иракта ДАИШ ошақтарымен күресуге қатысатын 2500 АҚШ әскери күштері бар. Келісімге қол қойылғаннан кейін АҚШ-тың рөлі Ирак армиясына оны қорғауға дайындық пен қолдау көрсету болады. Алайда Иракта қалатын әскер саны туралы мәліметтер хабарланбады.

Ирак пен АҚШ-тың бірлескен мәлімдемесінде денсаулық сақтау, энергия және басқа да мәселелер туралы келісімдер айтылды.

АҚШ Иракқа COVAX бағдарламасы аясында 500 000 Pfizer/BioNTech вакциналарын жеткізуге ниетті.

Америка президентінің айтуынша, жеткізу жұмыстары бірнеше апта ішінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ АҚШ қазан айында БҰҰ-ның Ирактағы алдағы сайлауды бақылау миссиясын қаржыландыру үшін 5,2 миллион доллар бөледі.

Бұған дейін Ирак парламенті үкіметті АҚШ әскерлері мен басқа шет мемлекеттердің қарулы күштерін елден шығаруға шақырғаны туралы хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#АҚШ   #Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT