АҚШ федералды резерв жүйесі базалық ставканы көтерді

None
АСТАНА.ҚазАқпарат – «Базалық мөлшерлемені көтерудегі мақсат - ұзақмерзімді перспективада 2 пайыздық инфляцияға қол жеткізу» делінген федералды резерв жүйесінің мәлімдемесінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке көтерді - жылдық 4,25-4,5%-дан 4,5-4,75% дейін.

Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитеттің (FOMC) тиісті шешімі сәрсенбі, 1 ақпанда жарияланған баспасөз хабарламасында айтылған.

Мұндай саясаттың мақсаты – ұзақ мерзімді перспективада максималды жұмыспен қамту және инфляцияны 2 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету, делінген құжатта.

Бұл АҚШ-тың Федералды резерв жүйесінің базалық мөлшерлемесін биылғы бірінші көтеруі.

«Ресейдің Украинаға қарсы соғысы үлкен адами және экономикалық қиындықтарға әкелуде және жаһандық белгісіздіктің артуына ықпал етеді. Комитет инфляциялық тәуекелдерге ерекше көңіл бөледі», - деп атап өтті ФРЖ.

2022 жылдың желтоқсанында инфляцияның біршама баяулауы және болуы мүмкін рецессия қаупі фонында АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі мөлшерлемені 50 базистік пунктке арттыру арқылы монетарлық қатаңдату қарқынын бәсеңдетті.

Бұған дейін FOMC-тің алдыңғы төрт отырысының қорытындысы бойынша ол 75 базистік пунктке көтерілді.

2022 жылдың маусымында COVID-19 пандемиясының және Украинадағы соғыстың әсерінен АҚШ-тағы инфляция соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткіш - 9,1% жетті.


Фото: Kevin Lamarque / Reuters

Соңғы жаңалықтар