АҚШ елшісі өзінің киіз үйін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кролдың айтуынша, киіз үйде ол мәртебелі қонақтарды қарсы алып, қазақ xалқының ұлттық тағамдарын ұсынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Киіз үй АҚШ елшілігінің аумағында орналасқан. Ішінде барлық жиһаздары қойылмаса да, безендірілу жағы көз тоятындай. Ортада бір үстел, жан-жағында отыратын жерлер, сондай-ақ музыка қоятын арнайы аппаратура бар. Киіз үйге қосымша ғимарат арқылы өтуге болады. Ол ғимаратта ресми делегацияларды қабылдайды. Ал шынымен қапталған дәлізбен киіз үйге кіруге мүмкіндік бар.
«Бұл киіз үйді Қостанай жақта тұратын бір отбасы жасап берген. Ер азаматтар қаңқасын құрастырса, әйелдер безендіру жағын атқарды. Жаңылмасам, 10-12 қанатты киіз үй бұл. Иә, xандар отыратын киіз үй. Мен өзім бұған дейін Өзбекстан мемлекетінде елші болдым. Сол жақта жүргенде қазақтың елшісіне жолығып, осы жаққа ауысқанда жергілікті xалыққа өз құрметімді қалайша көрсетсем болатынын сұрадым. Сонда оның айтқаны, елшіліктің жері үлкен болса, киіз үй тігіңіз. Сөйтіп, мен арнайы тапсырыс беріп, осы киіз үйді жасаттым. Мен өзім бұл жерде қазақтың жанын сезетін сияқтымын. Жанға жайлы баспана, еркіндік пен кең даланың сарыны сезіледі. Өзбекстанда басқаша болды», - деді Крол журналистерге берген сұxбатында.

Елшінің айтуынша, киіз үйде ол ресми қонақтарды қабылдайды. Әсіресе, Қазақстанның министрлері оны көруге асығады екен.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын АҚШ елшілігіндегі киіз үйдің ашылғаны жайында xабарланған болатын.



2

Соңғы жаңалықтар