АҚШ елшісі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен айрықша құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Елшісі Наурыз көже туралы аңызбен танысты. Алматыдағы АҚШ консулдығы Фейсбуктағы парақшасында Наурыз мерекесіне қатысты ерекше құттықтауды жария етті.

Роликте ұлттық шапан киген Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Крол наурыз көжеден дәм татып отырып дастархан басындағылардан «Наурыз көже ішу неге дәстүрге айналған, кім біледі?» деп сұрайды. Сұраққа жауапты кішкене қыз бала береді. Ол мен наурыз көже туралы аңызды білемін, айтып берейін деп жауап қатады.

Аңызды тыңдап болған АҚШ Елшісі: «Ұлыстың ұлы күн құтты болсын!», деп көпшілікті құттықтайды.

Соңғы жаңалықтар