+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырмақ

2020 жылғы 10 тамыз 18:58
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы АҚШ Елшілігі тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырмақ

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды Абай күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Елшілікке сілтеме жасап хабарлайды.

«Аса құрметті қазақстандықтар! Сіздерді өзгеше, жөні бөлек мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – Абай күні мерекесі! Бұл мереке – руханият пен мәдениеттің, поэзияның, Абай Құнанбайұлы салған жақсы дәстүрдің жаңғыруы, жалғасуы. Біз келешекте де Елшілікте Абай күнін атап өту үшін, Абай дәстүрін жаңғыртқымыз келеді. Абай ақын Тоғызқұмалақ ойнаған. Міне, жыл сайын Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Одан кейін, міндетті түрде дастархан басында жиналып, бауырсақ пен қымызды ортаға салып, домбыра шертіп, Абай әндерін айтамыз. Абайдың қара сөздерін оқып, талдаймыз. Абай армандаған «Кемел адам тәрбиелеу » – адамзаттың парызы. Осыны қазіргі пандемия жағдайы да қатты түсіндіріп отыр», - делінген Елшінің құттықтауында.

Сонымен қатар, Алматыдағы АҚШ Бас Консулы Эрик Майер де ұлы Абайдың мерейтойына арналған құттықтауларға қосылып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын танып білуге деген ынтасы жайында айтып, Абайдың «Жүректе қайрат болмаса» өлеңін америкалық әріптестерімен бірге оқыды.

Айта кетейік, өткен аптада әлеуметтік желі қолданушыларын қазақ тілінде ойшыл Абайдың шығармашылығын орындап, оқырмандарды тәнті қылған америкалықтар Fulbright Foreign Language Teaching Assistant қатарынан. FLTA- бұл АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазақстандықтарға АҚШ-қа барып, қазақ тілін оқытуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламасы. Бағдарлама кезінде қазақ тілін оқып, мәдениетімен танысқан америкалықтар Қазақстанға келіп, ағылшын тілін үйретеді.

«Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас» өлеңін Фулбрайт бағдарламасының қатысушысы, екі жыл бойы АҚШ-та қазақ тілін оқып, кейін Ақтауда ағылшын тілінен сабақ берген Абигаиль оқыды.

«Өлең сөздің патшасы» атты өлеңді Қазақстаннан Fulbright FLTA бағдарламасымен барған Қазақстандық мұғалім Ғалия Дәулеттің көмегімен тілді үйренген Людвиг оқып берді.

«Ерекше естен кетпес қызық қайда?» оқыған Бретт Вестбрукке Fulbright FLTA бағдарламасы бойынша барған Асем Ижмуханова сабақ берді.

«Ғылым таппай мақтанба» – Fulbright FLTA студенттері Джошуа Дюфо мен Джесси Уессо оқыды.

«Жүректе қайрат болмаса» – Брэндис қазақ тілін жақында ғана оқи бастаса да, аса зейін қойып, тамаша нәтиже көрсетіп үлгерді.

«Көзімнің қарасы» әнін шырқаған америкалық Грей Гаррет, Абайдың танымал әнін укулеледе орнап, оны көптеген елдерде шырқағанын естеріңізге тағы да саламыз.

Қазақстандағы Америка Бұрыштарында (American Corner and MakerSpace) да ұлы Абайдың мерейтойын атап өту үшін, ақын салған әдет-дәстүрді, оның философиясын жалғастыру, жаңғырту және дәріптеуге, Абайтануға арналған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT